Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында біздің мектепте ерекше атмосфера орнады!Бүгін сынып сағаттарында балалар біздің теңгеміздің тарихына үңілді. Валюта еліміздің егемендігі мен күшін қалай көрсететінін талқылап, қаржыға ұқыпты қарауды үйренді және банкноттардың дизайны туралы қызықты фактілерді ашты.